Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында бүгін, яғни, 8 сәуірдегі 21:15-те анықталған коронавирустық инфекция жұқтырған 4 науқастың үшеуі – Шиелі, біреуі – Арал ауданынан екендігі анықталды. Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«Жаңа тіркелген «Covid-19″ вирусын жұқтырғандардың үшеуі – Шиелі, біреуі – Арал ауданында тіркеліп отыр. Барлығы алдыңғы анықталған науқас адамдармен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік бақылауға алынған азаматтар болып табылады. Қазіргі таңда барлығы жұқпалы аурулар бөліміне ем алуға ауыстырылды», – деп мәлімдеді аталған басқарманың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бүгін Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастардың саны 76 адамға жеткенін хабарлаған болатынбыз.

Оның ішінде, Қызылорда қаласында – 9, Жаңақорған ауданында – 16 жағдай, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 38, Сырдарияда – 7, Арал ауданында – 2 жағдай тіркеліп отыр.

Тағы да оқыңыз: