Kyzylorda-news.kz. Облыстық білім басқармасы мен облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен «Нұрсәт» теннис орталығында ерекше қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында «Жұлдызай-2022» Ұлттық инклюзивті ойындардың облыстық кезеңі өткізілді.

Балалар жылына орай «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен сайыста оқушылар голбол, үстел теннисі, асық ату, бестас, мини-футбол, пара-каратэ және жеңіл атлетика спорт түрлерінен сайысты.

Жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін спартакиаданың облыстық кезеңіне қала мен аудандардан және арнаулы мектеп-интернаттарынан барлығы 67 оқушы қатысып, 36 қатысушы жеңімпаз атанып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды спортқа тарту, оларды әлеуметтендіру және ерекше қажеттіліктері мен даму мүмкіндіктері бар балалар арасында салауатты өмір салтын насихаттауды мақсат тұтқан сайыстың жеңімпаз бүлдіршіндеріміз енді республикалық кезеңге жолдама алып, аймақ абыройын қорғайтын болады.

Тағы да оқыңыз: