Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім сынағының бірінші күні Шиелі ауданында ұйымдастырылды. Тестілеу пунктіне 174 оқушы қатысты. Оның 1-уі өз еркімен бас тартты. Сынаққа кірген 2 оқушыдан тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін БҒМ өкілдерінің  шешімімен аудиториядан шығарылды.

Білім сынағы карантин жағдайында ұйымдастырылғандықтан, түлектер бетпердемен қатысып, ара-қашықтықты сақтады. Алғашқы күнде ең жоғарғы 130 ұпайды №41 мектеп мектептің оқушысы Диас Қиянбекұлы еншіледі. 27 оқушы 100-ден аса ұпайды жинады.

Түлектер жауапкершілікті және арнайы талапты қатаң сақтады. 4 сағатқа созылған тестілеуде негізсіз әрекеттер орын алмады.

Айта кетейік, Ұлттық тестілеу кезеңінде оқушыларға калькулятор пайдалануға берілді.

Тағы да оқыңыз: