Kyzylorda-news.kz.  Білім және ғылым министрлігі мектепті бітіруге арналған түлектер кешін өткізуге қатысты ресми ұстанымын жариялады.

Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Майра Мелдебекованың айтуынша, аттестат тапсыру салтанаты мектептерде өтеді. Алайда түлектер кешін өткізуге рұқсат жоқ.

“Мектептің ауласында салтанатты шара ұйымдастырылады. Сол жерде түлектерге аттестат табысталады. Оны да кесте бойынша өткізеді. Ал ары қарай кеш өткізуге тыйым салынған”, – деді Мелдебекова арнайы брифингте.

Оның айтуынша, әрбір мұғалім мен оқушы қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды және коронавирустың қаупін түсінуі керек.

“Бүгінде мектепте аттестат тапсырудың тәртібі бар. Барлық мектепке нұсқаулар жіберілді. Мұғалімдер де бәрін бақылайды. Ал мектептен кейін көпшілік шара ұйымдастырылса, жергілікті билік тиісті шара қолданады”, – деп атап өтті Мелдебекова.

 Sputnik Қазақстан

Тағы да оқыңыз: