Kyzylorda-news.kz   Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті. Қазіргі таңда қоғам дерті саналатын жемқорлық күрделі мәселе болып отыр. Осы ретте, Сырдария аудандық қоғамдық даму бөлімінің қолдауымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалыптастыру мақсатында балалар арасында аудандық сурет байқауы өткізілді. Байқауды «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қоры ұйымдастырып, «Жалын» сауықтыру лагеріндегі демалушылар қатысты.

Сурет байқауының ережесі алдын ала аудандық газеттің электронды сайтында, әлеуметтік желілерде жа­рия­ланды. Хабарландыруға сәй­­­­кес 13 қатысушы тіркеліп, оқушы­лар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында сурет салды. Бала­лардың шығармашылығын арнайы құрылған комиссия бағалап, комиссия құрамында тәуелсіз сарапшылар, қоғамдық ұйым өкілдері немесе басқа да ауданға белгілі азаматтар болды.

– Бұл байқаудың мақсаты мен міндеті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық мәдениетті қалып­тастыру, жемқорлықтың ел дамуы­на кері әсер ететінін оқушылар сана­сына сіңіру, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы тұру, оның зиянын насихаттау. Сонымен қатар біз бала­лардың жемқорлыққа қарсы салған суреттері арқылы қоғамдық сананы жаңғыртуды көздедік. Байқауға аудан мектептерінің оқу­шы­лары қатысты. Байқау жалпыға ортақ және қолжетімді болуы үшін аудан орталығындағы «Жалын» сауықтыру лагерінің базасында өткізілді, – деді «Сырдария – Нұрдария» қоғамдық қорының төра­ғасы М.Омаров.

Байқау қорытындысында комиссия шешімімен жеңімпаздар анық­талды. Жүлделі І орынды Асылзат Қожабаева иеленді. Ал ІІ орынмен Анар Жақсылық, ІІІ орынмен Аяулым Бекбергенқызы марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Қалған қатысушылардың барлығы ынта­­ландыру сыйлығын алды. Марапаттау салтанатында «Жалын» сауық­тыру лагерінің директоры, суретші Ә.Бәйменов оқушылардың еңбе­гін бағалауда ұсынылған сурет­тің байқау тақырыбына сәй­кес­тігі, тақырыптың толыққанды ашылуы, өзектілігі, тартымдылығы назарға алын­ғанын жеткізді. Сондай-ақ аудан­дық мәслихат депутаты, «Жас­тар рухы» жастар қанаты аудан­дық бөлімшесінің жетекшісі А.Ибрагимұлы жеңімпаздарды құт­тық­тап, ұйымдастырушыларға ал­ғы­сын айтты.

Тағы да оқыңыз: