Kyzylorda-news.kz. Студенттердің шәкіртақысы 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы 1,5 есе көбейеді. Бұл туралы Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2025 жылға қарай жоғары білім алу үшін бөлінетін гранттың саны 50 пайызға артады. Бұл 75 мың жас азаматымыз жоғары білімді тегін алады деген сөз», – деді ҚР Президенті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы студенттерге материалдық қолау көрсету ісі жалғаса беретінін баса айтты.

«Студенттер шәкіртақысы – 2 есе, магистранттар мен докторанттардың шәкіртақысы – 1,5 есе көбейеді. 2025 жылға қарай колледждер мен университеттердің жатақханасындағы орын саны кем дегенде 50 мыңға артады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тағы да оқыңыз: