Kyzylorda-news.kz Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде еңбек күнін атап өту аясында шаруашылық департаментінің қызметкерлері марапат төрінен көрінді.

Мерекелік жиында Басқарма Төрағасы-ректор Бейбіткүл Кәрімова адал еңбек әрдайым жоғары бағалануы тиіс екенін атап өтті. Сондай-ақ, соңғы 4 жылда атқарылған жөндеу жұмыстарына тоқталып, жалпы оқу орнының шаруашылық саласына қосқан үлестеріне ризашылығын білдірді.

Салтанатты шарада университет басшысы Бейбіткүл Сәрсемханқызы 5-оқу ғимаратының қызметкерлері Толқын Ағымбаева мен Айман Тансықбаеваға Қорқыт Ата атындағы Алтын медалін табыстады. Ал Жаңабай Қаражанов, Нұрлан Сыздықов, Ғазиз Туғанбаев және Елена Мастяеваға  Құрмет грамотасы берілді.

Бұдан бөлек  Маржан Балабаева, Ұлболсын Испанова, Рысжан Меңдібаева, Мирамкүл Сүлейменова, Камшат Аманова, Қаншагүл Бабасова, Гүлшат Жақыпова, Шолпан Бекмухаметова, Фарида Аширбекова, Ләззат Испанова, Әсемкүл Қалманова, Күлзада Бегенова, Марина Саянова және Серік Құрманбаева ректордың Алғыс хатымен марапатталды.

Марапат иелеріне университеттің Кәсіподақ комитетінің атынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, еңбек адамдарын насихаттау мақсатында 15-25 қыркүйек күндері «Менің жетістігім-менің нәтижем» атты мерекелік онкүндік өтуде. Жыл сайын елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі.

Фото: Қорқыт ата атындағы ҚУ

Тағы да оқыңыз: