Kyzylorda-news.kz. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қашықтан өткізген республикалық пәндік олимпиадаларда Қызылорда қаласындағы NIS командасы үздік академиялық білімдерімен ерекшеленіп, мектеп қоржынын 46 жүлдемен толықтырды. Оның ішінде 7 дарынды жас жеңімпаз атанса, 12 оқушы екінші дәрежелі дипломды иеленді. Тағы 27 зияткер жеңіс тұғырының үшінші орынынан көрінді.

Аталмыш олимпиадалар мамыр айында 9-11-сыныптар арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткізілген-ді. Дегенмен, Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 7-8-сынып оқушылары да өз қалаулары бойынша олимпиадаға қатысып, жоғары сыныптармен бірге бақтарын сынап көрді.

«Сабақтан бос уақытта қосымша ресурстарды пайдалану арқылы білім аламын. Онлайн байқауларға қатысып, білімімді шыңдап отырамын. «Дарын» орталығының ұсынған олимпиадаларында биология және ағылшын тілі пәндері бойынша жүлделі үшінші орындарды иелендім», – дейді 8-сынып оқушысы Абунасыр Амир.

Тағы да оқыңыз: