Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Сұлтан Қани Президенттік олимпиаданың ақтық кезеңінде бақ сынамақ. Білім бәйгесінің екі іріктеу кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен дарынды жас NIS құрамында өзге оқушылармен жүлделі орындарға таласады.

Президенттік олимпиада жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша өткізіледі. Өз аймақтарында оза шапқан 200-ге жуық үздік оқушы шешуші кезеңге жолдама алған.

Биыл олимпиада Қарағанды қаласында қарашаның екінші онкүндігінде өткізіліп, ең ақылды мектеп оқушыларын анықтайтын болады.

Тағы да оқыңыз: