Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысында электронды ұлттық бірыңғай тестілеу басталды. Білім сынағы арнайы жабдықталған тестілеу базасында өткізілуде. Сынақтың алғашқы күнінде 263 түлек қатысты. Оның ішінде 132 түлек – Қызылорда қаласынан, 131 түлек аудандардан тапсырды.

Биылғы жылғы жаңа ереже бойынша, мектеп бітірушілер ҰБТ-ны екі рет тапсырып, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа жолдай алады.

ҰБТ өткізу барысында санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталуда. Оқушылар 4 кезеңнен тұратын дезинфекциялық шаралардан өтіп барып, сынаққа кіреді.

Айта кетейік, тест «Бір қатысушы-бір компьютер-бір камера» форматы бойынша өтіп жатыр.

Тағы да оқыңыз: