Kyzylorda-news.kz.  “Оқуға құштар мектеп” жобасы республика өңірлерінің қызығушылығы мен қолдауына ие болды. Бұл туралы облыстық білім басқармасы хабарлады.

Жоба аясында Өңірлік іс-шаралар жоспары бекітілді. Мектеп кітапханаларының қазіргі жағдайына талдау жасалды. Оның ішінде кітап қоры, электронды кітап қоры, пайдаланудан шыққан кітаптардың жағдайы, кітапхана бөлмесінің жағдайы, оқушылардың кітапханаға бару жиілігі сарапталды. Кітапханаларды автоматтандыру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта 149 мектептің кітапханасы Coworking-орталықтарға бейімделді.

️Өткен аптада облыстық, аудандық, қалалық білім бөлімдері мен әдістемелік кабинеттердің 430-дан астам басшыларының қатысуымен online-режимде кезекті әдістемелік сағат өткізілген.

Әдістемелік сағат барысында “Білім-инновация” лицейлері өз тәжірибесімен бөлісті. Бұл ең алдымен күнделікті 20 минуттық, оның ішінде zoom арқылы қашықтықтан білім алушылар үшін кітап оқу, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде оқуға арналған 50 кітапты іріктеу.

Оқырмандардың ынтасын арттыру үшін номинациялар, марапаттау, жас оқырмандарды марапаттаудың балдық жүйесі қарастырылған. ️ Ата-аналар балаларының оқу белсенділігін kitapp.space. сайтында бақылай алады.

Қызылорда облысында “Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асырудың ерекшелігі – мектеп кітапханаларын Coworking-орталықтар етіп қайта форматтау, “Үздік кітапхана – Coworking-орталық” облыстық конкурсын өткізу, автоматтандырылған жүйесін енгізу және мектеп кітапхана жүйесін цифрлау үшін жағдай жасалды.

Тағы да оқыңыз: