Kyzylorda-news.kz. Пандемия уақытында үй жағдайындағы балалардың қауіпсіздігін сақтау және психологиялық көмек беруде Қызылорда облыстық Білім басқармасы жанынан «Жасөспірімдердің психологиялық саулығын сақтау жұмысын үйлестіру» орталығы ашылды. Онлайн көмекті Bilim foundation қоғамдық қоры жүргізеді.

Орталық қиын жағдайдағы, психологиялық көмекті қажет ететін әрбір отбасыға, балаларға онлайн бағытта көмек береді. Бұл республикада алғаш болып Қызылорда облысында іске асырылуда. Маусым айынан бастап қазірге дейін 89 жасөспірім психологиялық көмек және 25 жасөспірім қор дәрігерінің тексеруінен өтіп ем алған.

Мобильді онлайн көмек беру үшін психолог-кординаторлар бекітіліп, әр аудан бойынша call орталық жұмысы іске асырылды. Әр психолог онлайн бағытта балаларға психологиялық көмек беріп, тиісті алгоритмге сәйкес әрекет етеді. Онлайн кеңес беру жұмысына облыстан 12 психолог және 2 психотерапевт дәрігер тартылған. Әр ауданнан қүрылған мобильді Call орталық әрбір қоңырауға жауап беріп, психологиялық қолдау жасайды.

Орталық жазғы оқу демалысы кезінде суицидалды әрекеттің алдын алу мақсатында «психологиялық қолдау тобына» анықталған жасөспірімдерге бағалау жұмыстарын жүргізіп, «тәукел» топтағы балаларға психологиялық қолдау жасайды.

Кеңес беру жұмысымен қатар орталық мамандары жаңа оқу жылындағы қашықтықтан оқыту форматында психологиялық қызметті жетілдіру бойынша жұмысты бастайды.

Тағы да оқыңыз: