Қызылордада «Көмек еріктілері» клубы құрылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада «Көмек еріктілері» клубы құрылды

07.02.2020, 12:20

484 0

Kyzylorda-news.kz. Еріктілер жылы аясында Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқушылар арасында «Көмек еріктілері» клубы құрылды.

Еріктілер қозғалысы 7-12-сынып білім алушыларынан құралған. Олар негізгі бес бағыт бойынша жұмыс атқармақ. Мәселен, «педагогтар» пән мұғалімдерімен бірлесіп, үлгірімі төмен оқушыларға көмек көрсетсе, «медицина қызметкерлері» оқушылар арасында түрлі профилактикалық шараларды жүргізуге жәрдемдеседі. Эколог-волонтерлар тобы мектептің «Қысқы бағында» бөлме гүлдерді отырғызу жұмыстарын жүргізсе, «кітапханашылар ұйымы» мектептің кітаптар қорын реттеу, санын ұлғайту және кітапхана пайдалану ережелері туралы ақпараттандыру шараларын ұйымдастырмақ. Сонымен қатар, «асханашылар» тобы оқушылардың тамақтану режимін дұрыс орындалуын қамтамасыз етуде қажетті көмек көрсетеді.

Қазіргі уақытта еріктілер клубына 100-ге жуық оқушы мүше болуға ұсыныс білдірді. Алдағы уақытта жоспарланған шараларды жүзеге асыру арқылы өзге оқушыларды волонтерлыққа тартуға және азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға ықпал ету көзделуде. «Көмек еріктілері» клубының мақсаты – оқушыларды әлеуметтік жауапкершілік тұрғысынан тәрбиелеуге, отансүйгiштiкке баулу, мамандық тандаудағы кәсіби бағыт бағдар беруге бағытталған.

Айта кету керек, бүгінде елімізде 200-ден астам еріктілер ұйымы белсенді жұмыс жасайды, олардың 50 мыңнан аса белсенді еріктілері бар.


ҚазАқпарт

0

Пікір қалдыру