Kyzylorda-news.kz. Облыста  2021 жылдың 26-27 сәуірі күндері жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада  «USTUDY» тестілеу орталығы  базасында  өткізілді.

Республикалық олимпиада барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып оффлайн форматта «Бір қатысушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы бойынша жүргізілді.

Олимпиадаға  Қызылорда облысындағы 24 мектептен жаратылыстану-математикалық, қоғамдық-гуманитарлық бағыттары бойынша   57 оқушы қатысты.

Олимпиаданың өткізілуі барысындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында  тікелей трансляция respa2021.daryn.kz сайтында жүргізілді.

28 сәуір күні республикалық олимпиадаға қатысушылар өз логин, парольдері арқылы respa2021.daryn.kz сайтынан олимпиада турларының қорытындысын тексере алады.

Жергілікті  уақыт бойынша сағат: 12.00-17.00 аралығында webinar.daryn.kz сайты арқылы  қатысушылар апеллияцияға өтінішті жазбаша түрде  білдіре алады.

Қатысушы электронды поштаға берілген жауапқа қанағаттанбаған жағдайда  29 сәуір ZOOM  платформасы арқылы қазылар алқасы мүшелеріне сұрағын қоя алады.

Республикалық  олимпиаданың жабылу салтанаты 30 сәуір күні өткізіледі.

Тағы да оқыңыз: