Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен облыстағы барлық орта білім беру ұйымдарында  кіші қызметкерлерге жәрдем беру акциясы өткізілді.

«Шын жүректен алғыс айтамын!» деп аталған акция «Волонтерлер жылы» және «1 наурыз – Алғыс айту күніне» орай ұйымдастырылды.

«Аталған акцияның басты мақсаты – облысымыздың оқу орындарындағы кіші қызметкерлердің еңбектерін бағалау, оларға құрметпен қарауға дағдылану, қоғамдағы рөлін арттыру, жастар арасында табыстың еңбекпен келетінін кең көлемде дәріптеу», – дейді шараны ұйымдастырушы  Қызылорда облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитеті Жастар кеңесінің төрайымы Жанар Сағындықова.

Сыр елінде алғаш рет өткізілген акцияға облыстық білім қызметкерлері кәсіподақ жанынан құрылған Жастар Кеңесінің мүшелері, орта білім беру ұйымдарының еріктілер тобы қатысты.

Шара барысында Жастар кеңесі мүшелерінің бір тобы қала, аудан аумағындағы орта мектептерді аралап, кіші қызметкерлерге жылы лебіздері мен ықыластарын білдіріп, гүл шоқтарын табыстады.

Тағы да оқыңыз: