Kyzylorda-news.kz.  Биыл 1 қаңтардан бастап барлық ұстаздардың жалақысы 25 пайызға көбейді. Тек мектеп мұғалімдері ғана емес, балабақша педагогтері, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындары мамандарының да еңбекақылары өсті.

“Қазіргі кезде, есептеу бойынша мұғалімдердің орташа айлық жалақысы белгіленді. Толық оқу жүктемесі бар, педагог-шебер санатындағы ұстаз бұрын 279 мың теңге алса, қосымша үстемемен 373 мың теңге алады. Ал, педагог-сарапшы санатындағы мұғалім 234 мың алса, қазір 312 мың теңге мөлшерінде еңбекақы алады. Педагог-модератор санатындағы ұстаздың орташа жалақысы 204 мың теңге болса, қазір 272 мың теңгеге жетті. Ал, категориясы жоқ, жас ұстаздардың орташа жалақысы 213 мың теңге көлемінде белгіленді”, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Қаңтардың 11-інде үшінші оқу тоқсаны басталады. 9,11 сынып оқушылары санитиралық-эпидемилогиялық сақтай отырып аралас форматта, яғни дәстүрлі түрде мектепке барып оқитын болады. 1-5 сыныптар үшін кезекші топтар жұмыс істейді. Ал, бала саны 300-ден аспай мектептерде оқу дәстүрлі форматта ұйымдастырылады. Облыста 9-сыныпта 13252 оқушы, 11-сыныпта 7004 оқушы оқитын болады. Бұл сыныптарда балалар негізгі пәндерді, яғни қорытынды емтихан мен ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі міндетті компонентті пәндер бойынша білім алады. Пәндердің 70 пайызы – дәстүрлі форматта, 30 пайызы қашықтан оқытылатын болады.

Сондай-ақ, колледждерде де өзгерістер бар. Жалпы 30 колледжде 19795 студент білім алады. Оның 5434-ң бірінші курс студенті. Ведомоствоаралық комиссия шешімімен 1 курс студенттері дәстүрлі түрде оқиды.

Тағы да оқыңыз: