Kyzylorda-news.kz. Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты 132 598 оқушы І тоқсанды қашықтан оқыды. Ал, ата-аналардың өтініші негізінде 1-4 сынып оқушылары үшін 2027 кезекші сынып ашылды.

Онда жалпы 28 694 бала дәстүрлі түрде білім алуда. ІІ тоқсанда оқушы саны 300-ден аспайтын мектептерде санитарлық талаптарды сақтай отырып, 19267 бала дәстүрлі білім алатын болады. Жалпы, 39357 оқушы мектепте оқытылады.

“Бірінші оқу тоқсаны 4 қарашада аяқталады. Ал бағалау максималды 10 балдық жүйені құрайды. Яғни, БЖБ 25 пайыз және ТЖБ 50 пайыз қосындысы бойыншы қорытындыланады. 2-11 сынып оқушыларына І тоқсанның қорытындысы шығарылса, 1 сыныптікі бағаланбайды. Үстіміздегі жылдың 5 -14 қараша аралығында оқушылар 10 күндік демалысқа шығады. Екінші тоқсан 16 қарашада басталады. Екінші тоқсанда 2720 кезекші топ ашылып, 39357 бала оқиды деп күтілуде”, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова.

Айта кетейік, оқушылардың қашықтан оқуына байланысты Үкімет резерві есебінен бөлінген қаржыға 22 870 дана құрылғы алынды.

Тағы да оқыңыз: