Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында мұғалімдер күніне арналған “Ұстаз, Сіз құрметке лайықсыз” тақырыбында мерекелік шара өтті.
Жиында облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымова мен облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрайымы Гүлнар Есқалива бірқатар мұғалімдерді марапаттап, мерекелерімен құттықтады.
Ұстаздар күні мерекесімен тұспа тұс келген қарттар күні мерекесіне орай 75 жас мерейтой иесі №171 орта мектептің ардагер ұстазы Мадина Әліпбаева марапатталды. Сонымен қатар, қалалық білім жанындағы ұстаз ардагерлер кеңесінің төрағасы Мылтықбай Баймбетов және белсенді кәсіподақ төрағалары “Құрмет грамотасын” иеленді.
Шәкірт тәрбиелеудегі өлшеусіз еңбектері үшін бірқатар ұстаздар облыстық білім басқармасы мен кәсіподақ комитетінің бірлескен “Құрмет грамотасының” ие болды.
Сонымен қатар 2019-2020 оқу жылының 153 “Алтын белгі” иегерлерінің 89 алғашқы ұстаздарына “Бір көлік” шипажайына жолдама берілді.

