Kyzylorda-news.kz. Қазақстанда биыл мектеп оқушылары дәстүрлі түрде 25 мамырда жазғы демалысқа шығады.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 4-8 мамыр аралығында мектеп оқушылары БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау), ал 18-22 мамыр аралығында – ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) өтеді.

25 мамырдан бастап студенттер жазғы демалысқа шығады.

Естеріңізге сала кетейік, коронавирустық пандемияға байланысты қазақстандық студенттер төртінші тоқсанды қашықтан оқиды.

Соңғы тоқсанда оқушылар БЖБ және ТЖБ жұмыстарын бір тоқтанда бір-бірден тапсырады.

Қорытынды аттестациялық емтихандар өткізілмейді, қорытынды жылдық бағалар аттестатқа қойылады.

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу уақыты өзгеріссіз қалады.

Тағы да оқыңыз: