Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр – Kyzylorda News
Басты бет

Қазақстандағы оқу орындары тексеріліп жатыр

18.04.2021, 18:57

1019 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысының халыққа жолдауында айтылған оқу орындарын тексеру тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook парақшасында жариялады.

«Былтыр мен дипломды оңды-солды үлестірумен айналысатын білім мекемелерін жабуды тапсырған болатынмын. Білім беруді табысты бизнеске айналдырған ықпалды адамдардың қарсылығынан бұл жұмыс баяу жүріп жатыр. Бірақ проблеманы шешу керек», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылдың 1 қыркүйегіндегі халыққа Жолдауында .

Берік Уәлидің хабарлауынша, 2020 жылы 38 ЖОО-ға профилактикалық тексеру жүргізілген. 14 ЖОО-да жұмысқа орналастыру көрсеткіштері талап етілетін нормативтен төмен болған. Ал 2021 жылы 42 жоғары оқу орнына алдын ала бақылау жүргізу жоспарланып отыр. Жыл басынан бері 53 мыңға жуық студент білім алатын 7 ЖОО жабылған. ЖОО оқытушылары жұмыспен қамтылып, студенттер басқа жоғары білім беру мекемелеріне ауыстырылған. Сонымен бірге, үш оқу орны бас лицензиясынан айырылған.

Олар:

– 35 мыңға жуық студенті бар Аймақтық әлеуметтік-инновация университеті.

– 5 мыңнан астам студенті бар М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы.

– Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті (ЖОО аталған шешімге шағымданды, қазіргі уақытта сот процесі жүріп жатыр).

0

Пікір қалдыру