Kyzylorda-news.kz. Осы тақырыпта көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжінде ғылыми-теориялық конференция өтті.

Оған облыс көлеміндегі сегіз колледждің өкілдері,  «Абзал и К» толық серіктестігінің директоры М.Ералиев, «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалы төрағасы Т.Тілес қатысып, жастардың шығармашылық жұмыстарына баға берді.

Қатысушылар отандық тауарлардың сапасына мән беріп,  тауар ассортиментін көбейту, жергілікті шикізатты өңдеп, оны нарыққа шығарып таныту жолдары туралы сөз қозғап, өз ойларын айтты.

Конференция соңында үздік деп танылған қатысушылар А.Байменова (Қызылорда медициналық жоғарғы колледжі), К.Раппазадаева (Сырдария аграрлық-техникалық колледжі), А.Рысбек (көпсалалы «Ұлағат Қызылорда» колледжі) ағыс хатпен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: