Kyzylorda-news.kz Орда жоғары колледжінде өтіп жатқан “Тілдер” бөлімінің апталығы аясында ҚР «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтымен бірлескен «HOW TO LEARN ENGLISH EFFECTIVELY» тақырыбында 9 сынып оқушыларының арасында қалалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

Байқау – зерттеушілік, ғылыми ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ағылшын тілінде еркін қарым-қатынас жасауға үйрету, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыруға бағытталған. Ғылыми жоба – белгілі бір салада бірегей өнім мен қызметті құруға ба­ғыт­талған ғылыми ізденіс жұмысы. Мектептегі ғылыми жоба – ғылыми жарыс, яғни жобадан әр салаға байланысты тың идеялар күтеді. Жалпы ғылыми жобалар оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық жұмыстарын ынта­лан­дыру; сыни ойлауын дамыту және еліміздің интеллектуалды әлеуетiн қалыптастыруға үлес қосу мақсатында ұйым­дас­ты­рылады. 

Қазіргі ғылымдағы және қоғам өміріндегі ғылыми зерттеулердің рөлі зор. Ғылыми зерттеулер жаңа нәрсені дамытуға арналған. Бұл ғылыми еңбектер теориялық негіз, жаңа технологиялар мен өнертабыстарға арналған өзіндік "нұсқаулық" болып табылады. Осындай жобалардың нәтижелерінің көмегімен ғалымдар ең арзан бағамен ең жақсы сапалы тауарлар мен өнімдерді, ауруларды емдеудің жаңа әдістерін, табиғи апаттарға қарсы тұру жолдарын және т.б. жасай алады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының» басты мақсаты оқушылардың талдау, синтездеу, әрі логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, яғни оқушылардың сабақ бойы ой еңбегімен шұғылдануын қамтамасыз ету, оқушыны ізденуге, өз бетімен қорытынды жасауға үйрету болып отыр. Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек, білімнің негізі мектепте, яғни бар ғылымның бастауы – мектеп, «Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздың қолында» деп Елбасы бізге үлкен міндет артып отыр. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын – ұстаз қолында, сондықтан да біздің басты мақсатымыз – білім сапасын жақсарту. 

Сондай-ақ байқау ағылшын тіліне қатысты болып өтті. Ағылшын тілін оқыту оқушылардың коммуникативті даму біліктілігін арттырады, оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, бірден көп тілдерде сөйлеуге мүмкіндік алады.

Қазір ағылшын тілін білу — уақыт талабы. Оқу бағдарламасының мақсаты: оқушыларды әр түрлі соңғы әдістемелер арқылы еркін де сенімді сөйлеуге үйрету, коммуникативті тәсіл арқылы алған білімін өз ортасында, қоғамдық орында қолдануға дағдыландырып, білім деңгейін тереңдету, ағылшын және қазақ елдері туралы ауқымды мағлұмат беру, таныстыру.

Оқушылар ғылыми жобаға үлкен дайындықпен келген. Олардың еңбегін төмендегі мына критерийлер бойынша талдады: 

  • тақырыптың өзектілігі мен жаңашылдығы;
  • дәйексөздердің сенімділігі;
  • тәжірибеде қолдану мүмкіндігі;
  • ғылымилығы;
  • тақырыптың зерттеу тереңділігі бойынша бағаланды.

Нәтижесінде:

І орын - № 101 мектеп-лицей оқушысы Жандосова Меруерт және Т. Есетов атындағы № 264 мектеп-лицей оқушысы Еркінқызы Алтынайға;

II орын - № 222 Т.Рысқұлов атындағы орта мектеп оқушысы Орынбаева Балғын мен № 101 мектеп-лицейінің оқушысы Жусипова Меруертке;

ІІІ орын - С.Сейфуллин атындағы № 4 ІТ мектеп-лицейінің оқушысы Аманжол Назерке, Н.А. Ахмадеева атындағы № 112 орта мектебінің оқушысы Ермаганбет Айнур және Қ. Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназиясының оқушысы Нысанбек Ерасылға тиесілі болды.                

Білім мен ғылым – өркениетке бастар алғышарт. Төзімділік пен батылдылықты қажет етті, ғылымға көңіл бөлу тәуелсіз елімізде мемлекеттік деңгейге көтерілген басты әрі негізгі мәселе. Еліміз бойынша ғылыммен айналысуға жан-жақты алғышарт жасалған. Қазірде елімізде интеллектуалдық дүмпу қажет екендігін өмірдің өзі алға тартып отыр. Өйткені ғылымды өндіріспен байланыссыз қарастыру мүмкін емес. Адамның мүмкіндіктері үнемі кеңейіп отырады. Заманауи ғылым оны құрастырушы, дамытатын және пайдаланатындардың барлығынан жоғары жауапкершілікті, саналы тәртіпті талап етеді. Ғылым нағыз сиқырға, әлемді керемет ғажайып түрлендіруге қабілетті. Ғылым – адам өміріндегі ең әдемі, ең қажетті нәрсе. Ғылым мен білім үндестігі – бәсекеге қабілеттіліктің қайнар көзі. Жастайынан ғылымға ұмтылған оқушыларымызға алдағы уақытта тәуелсіз еліміздің дамуы мен өсуіне өлшеусіз үлес қосады деп сенім білдіреміз.

Ұйымдастырушы - Д.Романкулова

 

Қорлан САРЫ

Тағы да оқыңыз: