Kyzylorda-news.kz. Мектеп мұғалімдеріне еңбек демалысының ақысы мен денсаулықты сауықтыру жәрдемақысын уақтылы төлемеу мәселесі «AMANAT» партиясы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезектен тыс отырысында қаралды.

«AMANAT» партиясының Хатшысы Жігер Қалиевтің айтуынша, орын алып отырған жағдай мемлекеттің педагогтарды қолдау үшін жұмсаған бар күш-жігерін зая кетіреді.

«Мәжіліс депутаттары мен партияның аймақтардағы қоғамдық қабылдау бөлмелеріне мектеп мұғалімдерінен еңбек демалысының ақысы мен сауықтыру жәрдемақысының толық және уақтылы төленбеу фактілері бойынша көптеген шағым келіп түсті. Партия мүшелерінің 30%-дан астамы – білім беру саласының өкілдері. Сондықтан бүгін біз партия алаңына өкілетті министрліктердің өкілдерін шақырдық және бейнеконференця байланысы арқылы барлық өңір қосылып отыр», – деді Жігер Қалиев.

Бейнеконференця байланысы арқылы өткен жиынға өңірден партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова, партияның облыстық филиалы жанындағы «Білім беру және денсаулық сақтау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Гүлнар Есқалиева және облыстық білім басқармасының басшысы Ділда Момбек қатысты.

Алқалы жиында мәселенің түп-тамырына үңіліп, оны жүйелі түрде шешу жолдары жан –жақты талқыланды.

Тағы да оқыңыз: