Kyzylorda-news.kz. Мұғалімдер мен оқушыларға арналған “Білім” тарифі жаңа оқу жылынан бастап іске қосылады. Бұл туралы “Күнделік” ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бұған дейін ұялы байланыс операторлары мұғалімдер мен оқушылар үшін арнайы тарифтік жоспар әзірлеп жатқаны туралы хабарланған болатын.

28 тамызда өткен онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілі арнайы тарифтің қашан іске қосылатынын сұрады.

“Мұндай тариф шынымен де бар екенін растаймын. Жетекші ұялы байланыс операторлары “Білім” тарифін әзірледі, құны – 990 теңге. Ол жаңа оқу жылынан бастап қолжетімді болады”, – деді Ілиясов.

Ол арнайы тарифтен kundelik.kz ресурсына мегабайт жұмсалмайтынын атап өтті. 

Тарифтік жоспарда мұғалім мен оқушы арасындағы лимитсіз қоңыраулар, сондай-ақ, білім және ғылым министрлігі белгілеген отандық білім беру ресурстарына лимитсіз қосылу қарастырылған.

Тағы да оқыңыз: