Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздегі балабақшалар әзірге жұмысын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

«Білім және ғылым салаларында алдын алу шаралары қабылданды. БҒМ тиісті бұйрығы шығып, оны барлық білім беру ұйымы мен облыстардың білім басқармаларына жеткіздік. Сол бұйрықта ең басты тапсырмалар берілді. Ең біріншіден, балабақшаларға тоқталар болсақ, алдын ала ақпарат бергендей, балабақшалар әзірге жұмысын тоқтатпайды. Бірақ біз ата-аналардың мүмкіндіктеріне қарай, балабақшаға бармауды (апармауды – авт.) ұсынамыз. Мұның алдында бұйрыққа сәйкес бала бірнеше күн бойы балабақшаға келмесе, шығарылатыны туралы норма бар еді. Біз қазір ол норманы алып тастадық», – деді Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрі қазіргі уақытта баланы балабақшаға әкелмесе де орны сақталатынын жеткізді.

Тағы да оқыңыз: