Мемлекет басшысы ұстаздарды мерекемен құттықтады – Kyzylorda News
Басты бет

Мемлекет басшысы ұстаздарды мерекемен құттықтады

03.10.2021, 10:24

287 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.

«Ұстаздарды кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Еліміздегі білім сапасы, ұлттың бәсекелік қабілеті жоғары болуы сіздердің біліктіліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңізге байланысты. Мемлекеттің мұғалімдерді жан-жақты қолдау саясаты жалғаса береді. Мәртебелі қызметтеріңіз табысты болсын!», – деп жазды президент Twitter-де.

Қазан айының бірінші жексенбісінде елімізде Мұғалімдер күні аталып өтеді.

1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазанның алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттер бұл мейрамды 5 қазан күні атап өтеді.

Биыл білім министрлігі айтулы дата аясында «Ұстазыңды құттықта» акциясын бастады. Бұл акцияға білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов те қатысты.

0

Пікір қалдыру