Kyzylorda-news.kz. ҚР Білім және ғылы министрі Асхат Аймағамбетов лицензиясы тоқтатылған 5 жоғары оқу орнының мұнан арғы тағдыры қалай болатындығын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңізде білетіндей, біз 5 жоғары оқу орнының лицензиясын тоқтаттық. Бүгін лицензиядан айыру үшін бір ЖОО бойынша құжаттарды сотқа жібергендіміз туралы ақпарат бере аламыз. Лицензиядан толықтай айыру үшін тағы да бірнеше ЖОО бойынша құжаттар дайындалды. Тоқтату – бұл уақытша шара. Заңға сәйкес егер біз тексеріп, бұзушылықтар тапсақ, онда тоқтатуға тиіспіз. Бірақ, тоқтатқаннан кейін біз тағы бір рет тексеріп, сол бұзушылықтардың жойылмағандығын анықтайтын болсақ, онда министрлік басқа шешім қабылдауға көшеді. Біз сол университетті мүлдем жабу үшін сотқа жүгінеміз», – деді министр Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, бірнеше жоғары оқу орнын бұл проблеманы дербес шешуге тырысып жатыр.

«Бір университетті жабу туралы сотқа жүгінгеннен кейін бірнеше университет бізге хабарласып, бірігуге ниеттері бар екендіктерін хабарлады. Біз де бұл мәселені қарастырған едік. ЖОО-лар өз еріктерімен және дербес бірігулері қажет. Мұның мультипликативті әсер бар. Себебі біреулерінде кадр жетіспесе, енді бірінің спорт залы, тағы бірінде жатақхана және басқа да жағдайлары болмауы мүмкін. Ал біріккеннен кейін нақты бір әсерге қол жеткізіледі», – деді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар ол кейбір университеттер колледжге, институтқа, академияға айналуы тиістігін атап өтті.

«Жалпы, лицензия беретін өкілетті орган ретінде Білім және ғылым министрлігіне сотқа жүгінбестен сол лицензияны қайтару алу туралы шешім қабылдауға мүмкіндік беретін норма қабылданады деп үміттенеміз», – деді ол.

Тағы да оқыңыз: