Kyzylorda-news.kz. Лицензиясынан айырылған жоғары оқу орындарының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ басқа университетке ауыса алады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі хабарлады.

“Жоғары оқу орындары жабылып, студенттерді басқа оқу орындарына уақытылы ауыстыру қажеттілігі туындауына байланысты министрлік нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізді”, – делінген хабарламада.

Соған сәйкес, ЖОО білім беру қызметімен айналысу лицензиясынан немесе лицензияға қосымшадан айырылғанда немесе жоғары оқу орны жабылған жағдайда аталған оқу орнының студенттері семестрдің аяқталуын күтпей-ақ бірден басқа жоғары оқу орындарына ауыса алады.

Бұл студенттердің оқуын жалғастыруы үшін жасалып отыр.

Тағы да оқыңыз: