Kyzylorda-news.kz. Ауыл шаруашылығы – ел экономикасының маңызды саласы. Алпыс жылдан астам тарихы бар Шиелі индустриалды-аграрлық колледжі аймағымыздағы ауыл шаруашылығы мамандарын даярлайтын іргелі білім ордасы.

Құрылған уақыттан бері бұл оқу орнын 10000-ға жуық маман бітірген. Бүгінде колледж түлектері облыста ғана емес, республикамызда табысты еңбек етуде. Соның бірі – «Үздік түлек» айдарының кейіпкері Елдос Есжанов.

Елдос Аятжанұлы – Шиелі индустриалды-аграрлық колледжін 2016 жылы бітірген. Әке жолын жалғастырған ол аталған оқу ордасын «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-машинисі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Колледж қабырғасында теориялық білімін тәжірибемен ұштастыра білген Елдос көптеген аудандық, облыстық, байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

Елдос бүгінде «Байсын» шаруа қожалығында бас инженер болып жұмыс жасайды. Біздің кейіпкеріміз жастарды ерінбей еңбек етуге, ауыр жұмыстан қашпауға, мамандықты терең білуге шақырады.

«Өз ісінің білгірі һәм шебері болу табысты болудың кілті» – дейді ол.

Тағы да оқыңыз: