Kyzylorda-news.kz. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мектептерге қатысты шешім қабылдады. Бұл туралы үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Екінші тоқсаннан бастап оқушылар саны 300-ге жетпейтін қала және ауыл мектептерінің жұмысын дәстүрлі форматқа көшіру тапсырылды.  

Сондай-ақ ата-аналардың өтініші бойынша 1-ден 5-сыныпқа дейін, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді.

“Санитарлық-дезинфекциялық режимді, маска режимін, шахмат ретімен отырғызу және әлеуметтік арақашықтықты міндетті түрде сақтау қажет”, – делінген хабарламада.

Өңірлердің әкімдері мектептер мен медицина ұйымдарында санитарлық режимді сақтау жөніндегі жұмысты жеке бақылауға алады.

Тағы да оқыңыз: