Kyzylorda-news.kz. Әнуар Жанғозин “Болашақ” Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Жанғозин – президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Ол 1986 жылы дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін “Математика” мамандығы бойынша және “Назарбаев университетінің” магистратурасын “Білім беруді басқару” мамандығы бойынша тәмамдаған.

2008-2011 жылдары “Назарбаев Зияткерлік мектептері” әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласында “Назарбаев Зияткерлік мектебінде” математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған.

2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Тағы да оқыңыз: