Kyzylorda-news.kz  «Оқуға құштар колледж» жобасы аясында И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледж кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 24 сәуірде Коворкинг орталығында «Ақындар жырлаған туған өлке» атты әдеби қонақжай өтті.

Іс-шараның мақсаты Қазақстандағы және өлкедегі әдебиеттің танымал тұлғалары мен ақын-жазушылар шығармашылығын оқырмандарға таныту. Туған өлкеге деген сүйіспеншілігін арттыру, білім алушылардың өлеңді мәнерлеп оқу шеберлігін, кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. «Туған жер» құндылықтарының маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту. 

Жиында Асқар Тоқмағамбетов, Әбілда Тәжібаев, Зейнолла Шүкіров және өзге де көптеген ақындар туралы сөз қозғалды.. 

Асқар Тоқмағамбетов – сексеннен астам кітаптың авторы. Оның жұмысы жанрлардың жан-жақтылығы мен кеңдігімен ерекшеленді. Ол кино мен драматургияда белсенді жұмыс істеді. Оның "егер әрқайсымыз болса" фильмінің сценарийі бойынша Сұлтанахмет Ходжиков фильм түсірді. Республика театрларының сахналарында оның пьесалары бойынша "Арман азабые" ("Муки мечты"), "Токсан толғау" ("тоқсан сөз") және басқа да спектакльдер қойылды.

Әбілда Тәжібаев ХХ ғасырдағы қазақ көркем сөз өнерінің өсіп толысуына, қарыштап дамып, әлемдік өркениетті әдебиеттердің қатарынан орын тебуіне ірі үлес қосқандардың бірі, сыр елінің саңылақ ұлы. Ә.Тәжібаев поэзияда лирика мен поэма жанрын қатар алып жүрген ақын. Оның қаламынан туған 30-дан астам поэма мен өте көп сандағы өлеңдері сыршылдық, ойшылдығымен, шыншылдық, оттылығымен ерекшеленеді.

З. Шүкіров – батылдық пен табандылықтың бейнесі. Сегіз жасында түйеден құлап, ауыр жарақат алды, бұл оны өмірінің соңына дейін төсекке байлады. Бала арбаға таңылса да өмір сүруге деген құлшынысы еш өшпеген. Ол кітаптардан жұбанышын тапты, оны оқуға ұзақ уақыт жұмсады, білім мен өзін-өзі жетілдіруге ұмтылды. Ақындық пен жазушылықты қатар ала жүріп, сан түрлі тақырыптардағы туындыларын өскелең ұрпаққа мұра етіп қалдырды. 

Әдеби қонақжайға «Геология және сандық техника» бөлімінің ЦТ-23о/1 оқу тобы топ жетекшісі Н .Ибрагимова қатысты. «Ақындар жырлаған туған өлке» әдеби қонақжайда жергілікті ақын,жазушылар «Сырдың сұңқар ақыны» Ә.Тәжібаев, «Сырдың қайсар қаламгері» З.Шүкіров, «Сырбаз сыншыл, әдебиет майталманы» А.Тоқмағамбетовтың шығармашылықтарына арналды.

Іс-шара барысында оқырмандар үш топқа бөлініп төрт кезеңнен тұратын Отан, туған жер, туған елге қатысты шығармалары бойынша мәнерлеп оқу, түрлі әдістерді орындау тапсырмалары ұсынылды.

 

Қорлан САРЫ
Фото:ult.kz

Тағы да оқыңыз: