Kyzylorda-news.kz. Биыл мемлекет қайраткері, ұлт ұстазы, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толып отыр. Осыған орай Сыр өңіріндегі барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралар қолға алынып, жоғарғы деңгейде ұйымдастырылуда. 

Облыс орталығындағы Тәкей Есетов атындағы N264 мектеп-лицейінің «Ұлт ұстазының ұлы жолы» атты бастауыш әдістемелік бірлестігінің онкүндігі ұйымдастырылып, апталық аясында жоспарға алынған барлық іс-шаралар, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар сәтті және жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

«Басқадан кем болмау үшін біз білімді, бай һәм күшті болуымыз керек. Білімді болу үшін оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Ал күшті болуға бірлік керек»,- деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, бүгінде аталған мектеп оқушылары түрлі сайыстарда бақ сынап, жүлделі орындармен марапатталуда.

Оқу үрдісін жетілдірумен қатар баланың шығармашылық, жас және жеке ерекшеліктерін ескере отыра, рухани-адамгершілік ,эмоционалдық және дене дамуын қамтамасыз ету керек. Сол себепті де бастауыш сынып мұғалімдері онкүндік жоспарын құра отырып келесі міндеттерді қойды. Атап айтқанда оқушының оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыру, сабақ және сыныптан тыс шараларды қызықты өткізу формаларын қолдана отырып, барлық балаларды оқу және тәрбие үрдісіне тарту болып табылды. 

Онкүндіктің қорытындысы бойынша мәнерлеп оқу сайыстары, пәндік олимпиадалар, диктант жазу сайысы, зияткерлік сайыстар, ашық сабақтар мен түрлі байқаулар ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылықтары оянды. Ата-аналар да жүргізілген жұмыстардың нәтижелі екендігін айтып, жылы лебіздерін білдіруде.

Жалпы әр істе жаңашылдық таныту,оқушыларды оқыта отырып дамыту әр ұстаздың парызы екенін әр адам сезінді, түсінді, ой түйді. Осындай ауқымды, мазмұнды, мәнді, игілікті істер жалғаса бермек.

Без имени.jpg

Тағы да оқыңыз: