Әлеуметтік желіде білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Әлеуметтік желіде білім басқармалары басшыларының телефон нөмірлері жарияланды

13.09.2020, 13:00

138 0

Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желідегі парақшасында білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының телефон нөмірін жариялады.

«Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды», – деп жазды министр Facebook-те.

Енді ата-аналар өз өңіріндегі білім басқармасының басшысына тікелей хабарласа алады.

Биыл Қазақстанда жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталды. Десе де, бастауыш сынып оқушылары үшін мектептерде кезекші сыныптар ашылды. Шалғай ауылдарда да балалар мектепке барып оқып жүр.

Денсаулық сақтау министрлігі дәстүрлі форматқа оралу әлі ерте деп санайды. Сол себепті бірінші тоқсанда оқушылар үйден білім алады.

0

Пікір қалдыру