Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы №285 мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Әке – асқар тау» тақырыбында волейболдан жарыс өтті.
Жобаның мақсаты білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау, балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.
Мектеп-лицей-интернат директоры Балзия Абдуллаева жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп жобаның маңызы зор екенін атап өтті.
Жарысқа 4 команда қатысып, ойын қызықты, тартысты өтуіне ат салысты. «Әкелер академиясы» жобасы аясында ұйымдастырылған турнир соңында I орынды 7 «А» сыныбының «Қыран» әкелер командасы, II орынды 8 «А» сыныбының «Көк бөрі» әкелер командасы, III орынды 7 «Ә» сыныбының «Тұлпар» әкелер командасы иеленді. Алғыс хатпен 8 «Ә» сыныбының «Достық» командасы марапатталды және сайыста ерекше ойын тактикасымен көзге түскен Бауыржан Баймаханға «Үздік ойыншы» номинациясы берілді.