Kyzylorda-news.kz. Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова бірінші сыныпқа қабылданатын баланың жазып, оқу қабілетіне байланысты қойылатын талапқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Бірінші сыныпқа қабылданатын балалар жазып-сызып, оқып, есептей алуы тиіс деген талап жоқ. Білім туралы заңға сәйкес еліміздегі барлық балалар тегін білім алумен қамтамасыз етілуі тиіс», – деді Майра Мелдебекова.

Айта кетейік, осы күндері барлық мектептерде бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау жүргізілуде. 1 маусымнан басталған шара 1 тамызға дейін жалғасады. Ал өтінімдерді дәстүрлі қағаз түрінде немесе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы беруге болады.

Сондай-ақ комтитет төрағасының айтуынша, тамыз айында еліміздің барлық аумағында жазғы мектеп ашу жоспарланған. Ол жерде балалар төтенше жағдайға байланысты төртінші тоқсанда өтпей қалған тақырыптарды меңгеріп, қайталайтын болады.

Тағы да оқыңыз: