Kyzylorda-news.kz. 4 қазан күні Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр түрінде) жауады. Қалған аумақтарында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі, солтүстігінде және шығысында жел күшейеді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.