Қызылорда  облыстық  «Жас ұлан ұйымы»  2011 жылы  Елбасының  қолдауымен   құрылды.Қазіргі   таңда   Қызылорда   облысында  106 000 жас ұлан  бар. Тәуелсіздік  мерекесі қарсаңында  ұландары қатары  тағы да толыға  түсуде. Тәуелсіздік          мерекесіне       арналған     осындай  шаралардың    бірі  кеше    ғана  А.Тоқмағанбетов   атындағы  мәдениет  Үйінде  ұйымдастырылды.

     Облыстық жастар  саясаты мәселелері  басқарамасының  қолдауымен облыстық  «Жас ұлан»  ұйымының  ұйымдастыруымен өткен «Ұланымыз ұлы елдің» VІІ  облыстық слетіне  200  делегат қатысып, 50 оқушы  жас ұлан қатарына қабылданды.Қабылдау рәсімінде  құрметті  қонақтар ММА Әлем чемпионатының алтын жүлдегері  Әділсерік Ғани, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Сайлау Асхат Қалиұлы,Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлім меңгерушісі Эльзира Нағашыбайқызы, «Самғау» жастар сыйлығының иегері, қоғам белсендісі Сағатбек Қуанышбайұлы және қалалық  білім бөлімінің   бас маманы Турмурзаев Бек  Бексұлтанұлы және білім беру ұйымдары мен жастар ұйымдарының   өкілдері, ата-аналар  қатысты.

   «Ұланымыз ұлы елдің» VІІ  облыстық слетін Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов  ашып, жас ұландарды  жобадағы   жетістіктерімен құттықтап, сәттілік  тіледі.

Слет  аясында «Жас ұлан»  қатарына қабылдау рәсімі өткізіліп, «Арманың  барда, адымда  алға!», «Жас ұлан жетістік жолында! » жылдық жобалар үздіктері  марапатталды. Жыл бойы шараларға  белсене араласып,  балалар әлемінде өзіндік қолтаңба  қалдырған  ұландар «Зерек  ұрпақ», тәлімгерлер «Тәлімді  тәлімгер» арнайы  номинацияларымен марапатталды.Аталған екі жоба бойынша үздік шығып, жыл бойы жас ұландарға хабар таратқан Арал ұландары «Мыңнан тұлпар» номинациясын иеленсе, жастар жылы аясында балаларға  арналған елуге жуық мультфильм түсірген Жалалғаш  ұландарына «Рухты жастар»  ноимнациясы тапсырылады. Облыстық  слеттің ең құрметті  сәті, ұландардың «Дария жағасындағы қала» акциясы бойынша жасаған жұмыстарының  нәтижесінде  жарық  көрген  «Дария жағасындағы қала»  кітабының  тұсаукесері болды. Слетте  Сыр ұландарына жол тартқан  бұл кітап, ұландар үшін үлкен құндылық болды.Жас ұландар үшін жылдық қорытынды болып саналатын дәстүрлі слет, биыл өзгеше болды. Жастар жылы асында өткен «Арманың барда, адымда алға» үлкен жоба жеңімпаздарына   Ұларбек Нұрғалымұлының  «Дайағашшы» кітабы  табысталды. Сөйтіп ұландардың кітап қоры екі кітаппен бірден толықты. «Дайағашшы» кітабы  біздің жаңа жобаларымыздың бастауы болады.

    Слеттің басы, әлеуметтік  жобалар  аясындағы шаралар бойынша         «Ұлттық құндылық  Жас ұлан қолымен » қолөнер және сурет  жәрмеңкесімен басталды.  Жәрмеңкеге  жарыса қатысқан ұландар, одан түскен қаржыға үйден оқитын достарына тосын сый жасайтын болады.

Аталған шара барысында «Жас Ұлан» бірыңғай     балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының қызметін ұйымдастыру»  тақырыбында мектеп тәлімгерлеріне  арналған  семинар-тренинг ұйымдастырылып, тәлімгерлер жобаларды таңдау, оны іске асыру жолдарымен танысып, «Эко-әлем» экологиялық ойынын ұйымдастыру тәсілдерін үйренді.Қатысушы делегат-ұландарға  музей сағаты ұйымдастырылып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне саяхат жасады.Слет  бағдарламасына  атқарған жобаларын  қосқан Сыр ұландары өздерінің жаңа қырларын аша түсті.

Жетістікке құлшынған ұландар өздеріне  ізбасарларын ертіп, халық әндерін шарықтата шырқап, саханда қазақтың үш биі  болып сөйледі.Жоба аясында ашылған орталық ұландары Қожа болып ән шырқап, жетістіктерімен бөлісті, ұлттық  құндылықтарды   насихаттады.

    Облыстық слетте жан-жақтан бас қосқан ұландар жаңа  жобалары мен тың идеяларымен бөлісті. Бір-бірінің білімі мен өнеріне қол соққан ұландар келер жылғы  еріктілер жылында да жас ұландық қолтаңба қалдырып, жетістік жолында  қадамдар жасай береді.

Тағы да оқыңыз: