Kyzylorda-news.kz. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының басшылығы тіркеу және жер кадастры бойынша Қызылорда қалалық бөлімінің басшысы Баймаханов Қажденбек Сәдуақасұлын зейнетке шығарып салды.
Еңбек жолын қарапайым жұмысшыдан бастап, республика көлемінде жауапты басшылық қызметтерді абыроймен атқарған Қажденбек Сәдуақасұлы, 2016 жылдан «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филалының Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті директорының орынбасары ретінде жалғастырған. Қажденбек Сәдуақасұлының кәсіби біліктілігі мен іскерлігі бір арнада тоғысып, жылжымайтын мүлік, жер кадастры саласында халыққа риясыз қызмет көрсетіп, табанды жұмыс жасап, корпорацияның мақсат-міндеттерін жүзеге асыруға адал қызмет етіп, көпшіліктің ықыласына бөлене білген азамат.
Филиал ұжымы мен директоры Айнұр Тобаева Қажденбек Сәдуақасұлын Корпорация жұмысының өңірлік филиалының дамуына қосқан ерекше үлесі үшін алғысын білдіріп, филиал директоры мен жергілікті кәсіподақтың алғыс хатын және облыс әкімінің құрмет грамотасы мен естелік сыйлықтарын табыстап, құрметті зейнет демалысына шығарып салды.