Kyzylorda-news.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын кімдердің жұмсай алатынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
“Концептуал, жеткілікті мөлшер шегі бар (10 және 12 миллион теңге – түсіндірме), сосын жеткілікті мөлшерден аса шек мөлшері бар, осыған жеткенде рұқсат берілсе қолдануға болады”, – деді Нұрымбетов ОКҚ баспасөз конференциясында журналистердің сұрағына жауап беру кезінде.
Оның айтуынша, ерплер үшін жеткілікті мөлшер – 10 миллион теңге, ал әйелдер үшін – 12 миллион теңге. Айта кетейік, егер БЖЗҚ салымшысы 12 миллион теңгеден аса қаражаты болса, мысалы, 13 миллион теңге, онда оған бір миллион теңгені алуына рұқсат беріледі. Ол кезде зейнет жасына жеткені не жетпегені қаралмайды. Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын емдеуге жұмсай алады. 2019 жылдың қыркүйегінде Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың өздерінің зейнетақы жинақтарын пайдалануы туралы мәселені пысықтауды тапсырды. Жинақтарды пайдалану үшін мысал ретінде Президент сол кезде тұрғын үй сатып алуды және білім алуды атады.