Kyzylorda-news.kz. Екінші деңгейлі тұрғын үй нарығында да баға 12,2%-ке қымбаттаған.

Бұған зейнетақы қорының қаржысын баспана алуға жұмсау мүмкіндігі түрткі болды. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин келтіргендей, жоғары сұраныс пен тұрғын үй нарығындағы шектеулі ұсыныс осындай жағдайды туындатты. Дегенмен бағаны негізсіз өсіру жағдайлары жіті тексеріліп отыр. Мәселен, жыл басынан бері агенттік құрылысшыларға он бір ескерту жіберген.

Нәтижесінде Шымкент, Қостанай, Өскемен және Қарағандыда жаңадан тұрғызылып жатқан баспананың бағасы төмендетілді. Сонымен бірге тұрғын үйдің шаршы метріне бағаның қалай құрылатыны жайлы ақпар бергісі келмеген 21 компанияның үстінен әкімшілік іс қозғалды. 

«АрселлорМиттал» компаниясы сияқты бірқатар құрылыс кәсіпорны бізге ақпар беруден бас тартты. Тіпті біздің заңды құқығымызға қарсы шығып, шағымданады. Олар: Алматыдағы BI group, Нұр-Сұлтандағы BI холдинг, «ОрдаИнвест», «НовоСити» және Ақмола облысындағы бірнеше компаниялар. Оларға мәлімет бермегені үшін 10 млн теңгенің айыппұлы салынды. Бұдан былай бұл компаниялар біздің жіті назарымызда болады», – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин.

Хабар 24

Тағы да оқыңыз: