Kyzylorda-news.kz. Қызылордада сотталғандардың жақындары түрмеге есірткі заттарын әкелуін тоқтатар емес.

Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесініңаумағында  жүрген азамат  мекеме қызметкерлерінің күдігін туғызған. Қызметкерлер  102 нөміріне хабарлап, Қызылорда ҚПБ-ның жедел-тергеу тобын шақыртады.

 Ұсталған азаматты тінту барысында оң жақ қалтасынан 20,67 грамм «кептірілген марихуана» табылады. Күдік тудырған азамат тиым салынған затты түрмеде жазасын  өтеп жатқан танысына кіргізбекші болған.

 Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: