Kyzylorda-news.kz. Жамбылда әскери бөлімшеге жақын орналасқан дәмхананың бейнебақылау камерасына жазылған жарылыстың видеосы жарияланды.
Видео AIBAT жаңалықтар қызметі instagram-да хабарлады. Таспада жойқын жарылыс екпіні дәмхана қонақтарын бірнеше метрге ұшырып жібергені бейнеленген.
«Камераға сондай-ақ сауық кешенінің жабық қақпасынан секіріп өтіп қашқан әскери форма киген адамдар түсіп қалған», – делінген.