Kyzylorda-news.kz. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен «Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубының жұмысы қайта жанданды.

Клубтың жұмысы – жас мамандарды мемлекеттік қызметке бейімдеу, олардың кәсіби дамуы мен қызметтік қабілеттерін шыңдауға бағытталған.

«Сыр болашағы» жас мемлекеттік қызметшілер клубы 2012 жылы құрылған. 2012-2014 жылдар аралығында қарқынды жұмыстар жүргізілген болатын. Атап айтқанда, жас мемлекеттік қызметші конкурсы, мемлекеттік қызметшілер арасында интеллектуалдық, спорттық шаралар, тимбилдинг, үйірмелер ұйымдастырылған болатын. Сол кезеңде клубқа белсенді мүше болған, конкурстардың жеңімпазы атанған мемлекеттік қызметшілер бүгінгі таңда лауазымды қызметтерде жұмыс жасауда.

Осы ретте, клубтың жұмысын қайта жандандыру бойынша іс-шараларды пысықтау мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Кездесу Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Ғалым Тұрсынбаевтың жетекшілігімен өтті.

Кездесуде клубтың жұмысына қатысты ұсыныстар айтылып, алдағы жоспарлары ортаға салынды. Клубтың алғашқы жетекшісі, бүгінгі таңда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы облыстық филиалы директорының орынбасары Айдын Қайруллаев өз ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында жыл көлемінде атқарылатын жұмыстар жоспарланып, клуб құрамын жасақтау бағытында жұмыстарды жүргізу тапсырылды.

Тағы да оқыңыз: