Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» мамандары 22 желтоқсан күні ел аумағында ауа райы қандай болатынын жариялады.
Атмосфералық фронттардың әсерінен республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және шығыс аймақтарында қар жауады. Боран соғып, жел күшейеді.
Қазақстан территориясының қалған бөлігіне антициклон әсер етеді, сондықтан жауын-шашын болмайды.
Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады.