Kyzylorda-news.kz. Қызылордада рұқсат етілмеген уақытта компьютер клубында ойнаған кәмелетке толмағандардың ата-аналарына айыппұл салынды.

Қазан айының 15-нен бастап Қызылордада  қалалық  Полиция басқармасының қызметкерлері прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп «Қауіпсіз қала» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Шара барысында  тыныштықты бұзу  және Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу деректері анықталып, заң шеңберінде әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Бұдан бөлек, карантин режимін бұзу деректері де орын алды. Мәселен қала орталығындағы ойын-сауық орталықтарының бірінде 150 адамға арналған той өткізіліп жатқандығы белгілі болды. Бұл дерек бойынша әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шара көру үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сонымен қатар,  полицейлер  қала аумағында  орналасқан  компьютер клубтарының бірінде түнгі мезгілде ойнап отырған 4 кәмелетке толмағанды анықтады. Олардың ата-аналарына айыппұл салынды.

Аталған шара қазан айының соңына дейін жалғасады.

Тағы да оқыңыз: