Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы бойынша жыл басынан бері 38 автокөлік өрті тіркелген. Өрттің шығуының басты себебі көп жағдайда автокөлік иелерінің өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан орын алуда, дейді мамандар.

Автокөліктегі электр жабдықтары, жанар-жағар май мен синтетикалық материалдар тез тұтанып, жылдам жанады. Соның нәтижесінде көлік санаулы үш-төрт минуттың ішінде жалынға оранып үлгереді.

Электр жабдықтарының бұзылуы, жанар-жағар май жүйесінің ақауы, салонда шылым шегу, сайып келгенде көлік иесінің машинадағы өрт қауіпсіздігіне салғырт қарауы – көліктегі өрттің басты себебіне айналып отыр. 

Мамандар өрт немесе басқа да жағдай орын алғанда 101 немесе 112 номеріне қоңырау шалуға кеңес береді.

Тағы да оқыңыз: