Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында «Мейірім» сауда белгісімен шығарылатын полуфабрикат өнімдері «ҚМДБ халал» сертификатына ие болды.

«ҚМДБ халал» сертификатын Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы табыстады. «Халал Дамудың» жергілікті өкілі Перизат Шарапатова өндіріс аймағында аудит жұмыстарын жүргізіп, өнімдердің стандарт талабына сай дайындалуын қадағалады.

Цех қызметкерлеріне шариғат және халал стандарт талабы бойынша өнім өндірудің ерекшеліктері мен маңыздылығы жөнінде оқу-семинар өткізілді.
«Мейірім» кәсіпорнының тұшпара, котлет, тефтели, фарш секілді полуфабрикаттары «Халал өнімдерді өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптары бойынша сертификатталды.

«Мейірім» өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификатының жарамдылық мерзімі: 08.09.2020-09.09.2021

Тағы да оқыңыз: