Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданында «Ауылдық үкіметтік емес ұйымдарды қолдау: даму мен өркендеу мақсатындағы серіктестік» тақырыбында облыстық форум болып өтті.
Жиынға «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы Анар Ізден, «Арал теңізі» ҚҚ директоры, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Арал ауданы бойынша өкілі Айнагүл Баймаханова, «Шапағат» қайта оңалту орталығы» ҚҚ президенті, «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің Қазалы ауданы бойынша өкілі Шынар Женсикбаева, аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекпанов, аудандағы үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, жастар ұйымдары, ішкі саясат бөлімі мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Форум барысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Қазақстан халқына Жолдауындағы «Азаматтардың мемлекетті басқару ісіне қатысуы», яғни «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруға белсенді қатысып, Жолдаудағы міндеттерді орындауға үкіметтік емес ұйымдарды белсенді қатысуға шақыру және ауылдық елді мекендердегі қоғамдық ұйымдардың белсенділігін арттыру туралы айтылды.
Форум бағдарламасына сәйкес, тақырыптық баяндамалар жасалды. «Жергілікті қауымдастық мәселелерін шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында ҮЕҰ өкілдері мен жастар ұйымдары арасында сұхбат алаңы ұйымдастырылды. Тақырыптық дебатқа қатысушы белсенді топтарға “Алғыс хаттар” мен бағалы сыйлықтар табысталды.
Шараға қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, ортаға салынды.
Басқосу соңы форум қатысушылары мен аудандық ҮЕҰ өкілдерінің «Қызылорда облысының Үкіметтік емес ұйымдарының Альянсы Ассоциациясы» ЗТБ-нің төрайымы Ізден Анар Жарылқасынқызымен кездесумен жалғасты.