Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентінде Қызылорда облысының футболдан IX чемпионатының кезекті III тур ойындары өтуде.

Кезекті тур ойындарына Қызылорда қаласы мен 7 ауданның құралары қатысып, бақ сынауда.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Жалаңтөс батыр атындағы орталық стадионда Қазалы мен Сырдария аудандарының құрамасы арасындағы ойын алдында футболшылармен кездесіп, сәттілік тіледі.

«Спорт – елдің мерейін асырып, абыройын тасытатын сала. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда, денсаулықты нығайтуда спорттың алатын орны ерекше. Соның ішінде футбол – кең таралған, көпшіліктің ерекше ықыласына бөленген спорт түрі. Футбол ойыны – жер жүзіне кең тараған әлемдегі №1 спорт түрі болып саналады. Ала доптың сиқыры соншалықты, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін құмар. Футбол әсіресе жас жеткіншектерді бұқаралық сипатта спортқа баулудың бірден-бір құралы. Өйткені футбол тек қызықты спорт түрі ғана емес, жастардың жан-жақты физиологиялық дамуына, салауаттылыққа тартылуына жеткізер спорт. Өздеріңіз білесіздер, Қызылорда облысында жыл сайын футболдан дәстүрлі чемпионат ұйымдастырылады. Дүбірлі додада қазалылық аяқдопшылар нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп келеді. Біздің жерлестеріміз облыс чемпионатында 4 рет жеңімпаз атанған. Соңғы рет өткен жылы топ жарды. Биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отырған чемпионаттың кезекті тур ойындары Қазалыда өтіп жатыр. Дәл қазір Жалаңтөс баһадүр атындағы орталық стадионда Сырдария ауданының командасымен жасыл алаңға шығатын біздің жерлестерімізге тек қана сәттілік тілеймін», – деді Мұхтар Әуесұлы.

Тағы да оқыңыз: